Call-Орталығы:
554-236
Пациенттерді қолдау қызметі :
+7 (708) 903 39 25
Тіркеу орны: 554-336
КДБ: 544-381
Эл.пошта:gpol-6@mail.kz
» » Түсіндірме жұмыстары

Түсіндірме жұмыстары

10 апрель 2026, Пятница
61
0
2026 жылдың 9 сәуірінде «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі студенттері арасында жыныстық тәрбие, ерте жүктіліктің алдын алу және оның зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге жыныстық тәрбиенің маңызы, ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық және әлеуметтік жағдайға тигізетін кері әсерлері түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасы, зиянды әдеттердің алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және жауапкершілік туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық әрі нақты жауаптар алды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жыныстық тәрбиенің маңыздылығын арттыру, ерте жүктіліктің алдын алу, жауапкершілікті мінез-құлық дағдыларын дамыту және өз денсаулығына ұқыпты қарауға баулу.
 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Біздің миссия:


Халықтың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыратын
сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы әрбір
адам денсаулығына қол жеткізу.

Сілтемелер
X