Денсаулық мектебі
| Денсаулық мектеп бөлмесі № | Денсаулық мектеп бөлмесі № | Жұмыс кестесі | Жауапты дәрігер, мейіргер |
1 | «Тәртіптік факторлар қауіпі» мектебі | 18,12 бөлме | Дүйсенбі 14.00-17.00 | профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Ф.М.Епенова, мейіргер Б.Ә.Ділманова |
2 | «Артериялық гипертония және ишемиялық жүрек ауруы» мектебі | 18,12 бөлме | Бейсенбі 14.00-17.00 | кардиолог дәрігер Жолдина К.К., мейіргер Ксупова А.Ш. |
3 | «Қант диабеті» мектебі | 18,12 бөлме | Сәрсенбі 14.00-17.00 | эндокринолог дәрігері Аликулова Г.Ж., мейіргер Аязбаева А.А. |
4 | «Бронхиалды астма мектебі» | 18,12 бөлме | Сейсенбі 09.00-12.00 | жалпы тәжірибелік дәрігері ., мейіргер Ажгалиева Ж.А. |
5 | «Егде адамдар» мектебі | 18,12 бөлме | Сейсенбі 14.00-17.00 | герантолог дәрігер Утеумуратова М.М., мейіргер Джамбулова А.А. |
6 | «Дені сау нәрестелер бөлмесі» мектебі | 18,12 бөлме | Күнде 08.00-17.00 | мейіргер Жакупова А.Т. |
7 | «Отбасын жоспарлау» және «Босануға дайындық» «Жас ана» мектебі | 18,12 бөлме | Жұма 09.00-17.00 | акушер-гинеколог – Мұқанбет С.Н., акушер Битикова А. |
8 | «Темекі шегуді тоқтату» мектебі | 18,12 бөлме | Дүйсенбі 14.00-17.00 | Жалпы тәжірибелік дәрігерлері |
Денсаулық мектебі – пациенттер мен тұрғындардың білім деңгейін, хабардарлығы мен ауру-сырқаудың даму қаупінің мінез-құлықтық факторлары дамуының алдын алу, яғни, аурулардың пайда болуы мен дамуы шарттарын жоюға бағытталған бастапқы профилактика, денсаулықты нығайту мен сақтау бойынша тәжірибелік дағдылар дәрежесін арттыруға бағытталған жеке және топтық әсер етудің құралдары мен әдістердің ұымдастырылған жиынтығы және денсаулық сақтаудың алғашқы буынында пациенттерге көрсетілетін топтық кеңес берудің медициналық профилактикалық түрі болып табылады.
Денсаулық мектебінің мақсаты – тұрғындарды салауатты өмір сүруге үйрету, пациенттердің мақсатты іс-әрекеттерге қабілеттерін қалыптастыру мене аурудың алдын алуды насихаттау. ШЖҚ «№ 6қалалық емхана» МКК 8 денсаулық мектептері жұмыс істейді: «Артериялық гипертония және ЖИА мектебі», «Инсульттің алдын алу мектебі», «Қауіптің мінез-құлықтық факторлары мектебі», «Қант диабеті мектебі», «Бронх демікпесі мектебі», «Егде адамдар мектебі», «Отбасын жоспарлау, Босануға даярлық мектебі, Жас ана», «Дені сау бала мектебі».
Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардағы қауіптің мінез-құлықтық факторлары бойынша Денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріннің бұйрығына сәйкес жұмыс істейді.
Дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін үзіліссіз), демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
Құрметті пациенттер, Денсаулық мектептерінің жұмысы туралы хабарлай отырып, оқуға қызығушылық танытқан тұлғаларды шақырамыз!
Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі
Іс-шара барысында «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығының акушер-гинеколог маманы және АИТВ орталығының дәрігері авто-жол колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясы, оның берілу жолдары, алдын алу шаралары және денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін аурулар жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🎯 Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, АИТВ және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша білім деңгейін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығының акушер-гинеколог маманы және АИТВ орталығының дәрігері авто-жол колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясы, оның берілу жолдары, алдын алу шаралары және денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін аурулар жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🎯 Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, АИТВ және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша білім деңгейін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау.
2026 жылдың 30 наурызында «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының жасөспірімдеріне орталыққа экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында оқушыларға зиянды заттардың (темекі, алкоголь және басқа да тәуелділік тудыратын заттар) ағзаға әсері мен оның алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау.
Греенланд демалыс базасында «Белсенді ұзақ өмір сүру» мектебінің қатысушыларымен бос уақытты тиімді өткізу мақсатында «Таза ауа – денсаулық кепілі» ұранымен демалыс шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара туберкулез айлығына арналды. Демалыс барысында тұрғындарға аурудың алдын алу жолдары туралы ақпарат беріліп, арнайы ақпараттық үнпарақтар таратылды. Шара соңында демалыс базасының мейрамхана аспазшылары дайындаған шайдан дәм татып, қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді. Кездесу Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келгендіктен, қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
«Есірткісіз болашақ — есті ұрпақ қолында»
2026 жылдың 22 қаңтарында СӨСҚ және «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінде жасөспірімдерге арналған нашақорлықтың алдын алу тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
🎯 Іс-шараның мақсаты:
білім алушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізетін зияны туралы түсіндіру,
зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру,
салауатты өмір салтын насихаттау,
дұрыс таңдау жасауға және жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағыттау.
Тәрбие сағаты барысында студенттер арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, ашық пікір алмасу жүргізілді.
Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, ал мамандар тарапынан маңызды ақпараттар мен нақты кеңестер берілді.




