Тіркеу бөлімі:
8-708-903-39-25
8-708-903-39-25
» МЦЗ

МЦЗ

2026 жылдың 15 сәуірінде «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары және СӨСҚ маманы келушілерге арналған танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шарада зиянды әдеттердің зияны, олардың алдын алу жолдары және дұрыс тамақтанудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар салауатты өмір салты туралы пайдалы ақпарат алып, күнделікті өмірде қолдануға болатын кеңестермен танысты.
Кездесу барысында ашық әңгіме өрбіп, қатысушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарына жауап алды.
Салауатты өмір салтын таңдау — өз болашағыңа жасалған дұрыс қадам.
Жасдәурен жастар денсаулық орталығы сіздерді күтеді.

2026 жылдың 14 сәуірінде емхананың СӨСҚ маманы және «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында жасөспірімдер орталықтың жұмысымен танысып, әртүрлі мамандардың қабылдауында болып, өздерін мазалаған сұрақтарына толық жауап алды.
Мамандар оқушыларды жылы қарсы алып, денсаулықты сақтау бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, нейрожаттығулар өткізіліп, зейін мен ойлау қабілетін дамытуға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар жаңа форматтағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Іс-шара аясында жол қауіпсіздігіне қатысты тәжірибелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар арнайы тәжірибе арқылы адамның мас күйінде көлік тізгіндеген кезде ми мен көру қабілетінің қалай өзгеретінін көріп, оның қаншалықты қауіпті екенін түсінді.
Сонымен қатар, командалық эстафеталық ойындар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және қажетті көмекті еркін алуына мүмкіндік береді. Орталық — жастар өз сұрақтарын ашық қойып, дұрыс бағыт-бағдар алатын қауіпсіз орта.


2026 жылдың 9 сәуірінде «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі студенттері арасында жыныстық тәрбие, ерте жүктіліктің алдын алу және оның зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге жыныстық тәрбиенің маңызы, ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық және әлеуметтік жағдайға тигізетін кері әсерлері түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасы, зиянды әдеттердің алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және жауапкершілік туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық әрі нақты жауаптар алды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жыныстық тәрбиенің маңыздылығын арттыру, ерте жүктіліктің алдын алу, жауапкершілікті мінез-құлық дағдыларын дамыту және өз денсаулығына ұқыпты қарауға баулу.



9 апреля 2026 года специалисты центра здоровья молодежи «Жасдәурен» провели разъяснительную работу среди студентов Актюбинский строительно-технический колледж на темы полового воспитания, профилактики ранней беременности и ее последствий.
В ходе мероприятия подросткам была разъяснена значимость полового воспитания, а также негативное влияние ранней беременности на здоровье, психологическое и социальное состояние. Кроме того, была предоставлена информация о личной гигиене, профилактике вредных привычек, навыках безопасного поведения и ответственности. Участники смогли задать интересующие их вопросы и получили полные и квалифицированные ответы от специалистов.
Цель мероприятия – формирование у подростков навыков здорового образа жизни, повышение значимости полового воспитания, профилактика ранней беременности, развитие ответственного поведения и формирование бережного отношения к своему здоровью
 


«Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі»
2026 жылдың 20 ақпанында «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының терапевті Ш. Нарезимова және психолог А. Алиева №27 орта мектеп оқушыларына профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында дұрыс тамақтану, зиянды заттардан аулақ болу, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, орталық мамандары «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының қызметі туралы ақпарат беріп, жасөспірімдерге қажетті жағдайда орталыққа жүгінуге болатынын түсіндірді.

Зиянды заттардың алдын алу
📍 «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығы Орта мектеп-лицей №23 оқушыларына профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында зиянды заттардан аулақ болу және дұрыс тамақтану тақырыптарында тренинг ұйымдастырылып, оқушыларға салауатты өмір салты туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, орталық бойынша экскурсия жүргізіліп, көрсетілетін қызметтер таныстырылды.
📌 Біз әрқашан жастарға қолдау көрсетуге дайынбыз!
 

📍 «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығы №21 гимназия мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында наркология тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, оқушыларға орталық бойынша шағын экскурсия жүргізіліп, көрсетілетін медициналық және психологиялық қызмет түрлері таныстырылды. Мамандар орталықтың мақсаты мен мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, еркін форматта сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру және «Жасдәурен» орталығының қызметі туралы ақпараттандыру.
📌 Біз әрқашан жастарға қолдау көрсетуге дайынбыз!



«Жасдәурен» орталығында №19 мектеп оқушыларымен кездесу өтті
Орталық мамандары жоғары сынып оқушыларына арнап зиянды әдеттердің алдын алу бойынша тренинг өткізді. Оқушылар орталық жұмысымен танысып, мамандардан кеңес алды.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау және жастарға қолдау көрсету.


2026 жылдың 02 ақпанында «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің жасөспірім студенттеріне ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулық туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, ерте жүктіліктің алдын алу, жауапты мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Семинар барысында мамандар ерте жүктіліктің әлеуметтік және медициналық салдары туралы түсіндіріп, жасөспірімдердің жеке жауапкершілігі, психологиялық дайындығы және болашаққа саналы көзқарасы жайында ақпарат берді.
ЖРВИ-дің алдын алу – денсаулық кепілі.

2026 жылдың 6 ақпанында «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің жасөспірімдеріне ЖРВИ-дің (жіті респираторлық вирустық инфекция) алдын алу тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Іс-шара барысында мамандар аурудың негізгі белгілері, қорғану тәсілдері, дұрыс тамақтану, дәрумендердің рөлі және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау туралы кеңінен түсіндірді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

Осындай профилактикалық шаралар жастардың денсаулығын сақтауға және жауапкершілігін арттыруға бағытталған


📅 2025 жылдың 21 қаңтарында
емхана мамандарының ұйымдастыруымен
№39 Мектеп-лицейі және Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушыларына арналған
түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


👧 Қыз балалармен – «Қыз балалармен сырласу» тақырыбында
🧑 Ұл балалармен – алғашқы көмек көрсету және жарақаттың алдын алу тақырыбында кездесулер өтті.


🎯 Мақсаты:
– жасөспірімдердің денсаулығы туралы білімін арттыру;
– қыз балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіру;
– ұл балаларды төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетуге үйрету;
– салауатты өмір салтын қалыптастыру және жауапкершілікті арттыру.


🗣 Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.


✨ Осындай профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен қауіпсіз орта қалыптастыруға үлкен үлес қосады.


2026 жылдың 22 қаңтарында «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары Білім мектеп-гимназиясында жасөспірімдерге арналған «Қыз бала тәрбиесі және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.


🎯 Мақсаты:
жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы туралы білімін арттыру,
қыз балалардың өзін-өзі бағалауына қолдау көрсету,
ерте жүктіліктің алдын алу,
дұрыс таңдау жасауға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға бағыттау.


Семинар барысында ашық әңгіме жүргізіліп, қатысушылар өз сұрақтарына мамандардан нақты жауап алды.

«Өз тағдырың — өз қолыңда: Саналы таңдау жаса»


2026 жылдың 22 қаңтарында «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары Білім мектеп-гимназиясында жасөспірімдерге арналған «Қыз бала тәрбиесі және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.



🎯 Мақсаты:
жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы туралы білімін арттыру,
қыз балалардың өзін-өзі бағалауына қолдау көрсету,
ерте жүктіліктің алдын алу,
дұрыс таңдау жасауға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға бағыттау.


Семинар барысында ашық әңгіме жүргізіліп, қатысушылар өз сұрақтарына мамандардан нақты жауап алды.

Біздің миссия:


Халықтың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыратын
сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы әрбір
адам денсаулығына қол жеткізу.

Сілтемелер
X