Скриннинг
Құрметті тұрғындар! Өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында тіркелген емханаңызда тегін жіті ми қанайналым бұзылуының даму қаупін ерте анықтау үшін брахиоцефалдық бағанның УДДГ-сын өтуге шақырамыз. Скрининг ауруларды ерте кезеңде цереброваскулярлық аурулар анықтауға көмектеседі.
Негізгі ақпарат:
- Кімдерге: Белгілі 50жастан асқан ерлер .
- Қайда: Тіркелген жеріңіз бойынша емхананың скринингтік кабинетінде.
- Құжаттар: Жеке куәлігіңіз болса жеткілікті.
Скринингтік тексерулер аурудың асқынуына жол бермей, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, сондықтан өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, емханаға жүгінуіңізді сұраймыз.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-бабының 301) тармақшасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.07.2025ж № 71 бұйрығына жіті ми қанайналым бұзылуының даму қаупін ерте анықтау үшін брахиоцефалдық бағанның УДДГ-сын жүргізу енгізілді, оларға нысаналы топ жасына жеткен цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық бақылауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер жатады, әр 2 жылда 1 рет өтеді.





