Call-Орталығы:
554-236
Пациенттерді қолдау қызметі :
+7 (708) 903 39 25
Тіркеу орны: 554-336
КДБ: 544-381
Эл.пошта:gpol-6@mail.kz
» Басшының блогы

Басшының блогы

Құрметті тұрғындар!

     Сіздің денсаулығыңыз — біздің ең басты құндылығымыз. ШЖҚ «№6 қалалық емхана» ұжымы күн сайын сіздерге сапалы, қолжетімді және қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін жұмыс істейді.

     Біздің негізгі мақсатымыз — тек ауруларды емдеу ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу, халық денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және әрбір тұрғынға жеке көзқараспен қарау. Бұл жолда дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерден құралған кәсіби ұжым әрқашан сіздерге көмек көрсетуге дайын.

     Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде жаңа міндеттер мен талаптар қойылуда. Осыған байланысты емханада медициналық қызмет сапасын арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін кеңейту, цифрлық қызметтерді дамыту, профилактикалық тексерулерді жетілдіру және пациенттерге қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда.

    Сіздерді өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, мамандардың кеңесін алуға шақырамыз. Денсаулыққа қамқорлық жасау — бұл медицина қызметкерлері мен әр адамның ортақ жауапкершілігі.

    Сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз. Біз алдағы уақытта да емхана жұмысының тиімділігін арттыру және медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін бар күшімізді саламыз.

Құрметпен,
 Жанахметов Сержан Жанахметұлы
 ШЖҚ «№6 қалалық емхана» МКК басшысы
 Ақтөбе қаласы

Емхананың ресми сайтынан сіз денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті жаңалықтармен, пайдалы ақпаратпен, мамандардың қабылдау кестесімен және алдағы іс-шаралар туралы хабарландырулармен таныса аласыз.

Азаматтарды қабылдау:
 Сәрсенбі күні 09:00–12:00 аралығында.


Өмірбаян

        Жанахметов Сержан Жанахметұлы 1979 жылдың 16 қаңтарда Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген. 2002 жылы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Емдеу ісі» факультетін тәмамдаған. Кәсіби еңбек өтілі – 21 жыл. Әр жылдары жетекші медициналық мекемелерде хирург, нейрохирург қызметтерін атқарған. 2021–2025 жылдары Темір аудандық ауруханасының басшысы болған. 2025 жылдың ақпан айынан бастап, 2026 жылдың мамыр айына дейін Алға аудандық ауруханасының басшысы қызметін атқарды.

       Медицина саласындағы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін 2015 жылы «Гиппократ» медалімен, 2018 жылы Ақтөбе өңірлік дәрігерлер қауымдастығының марапатымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» атағымен марапатталған.




 

Біздің миссия:


Халықтың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыратын
сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы әрбір
адам денсаулығына қол жеткізу.

Сілтемелер
X