Call-Орталығы:
554-236
Пациенттерді қолдау қызметі :
+7 (708) 903 39 25
Тіркеу орны: 554-336
КДБ: 544-381
Эл.пошта:gpol-6@mail.kz
» » Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысының бос лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысының бос лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

18 май 2026, Понедельник
7
0


Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі «№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мемлекеттік мекемесінің басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды (1 бірлік).

КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ:

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ:


 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 
Астана ауданыӘбілқайыр хан даңғылы, 87 үй,
 тел.: 8 (7132) 
51-67-69, электрондық пошта: gpol-6@.mail.kz


КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ БАҒЫТЫ:

Медициналық қызмет көрсету.


КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, басқарушылық шешімдер үшін, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері үшін жауапты болады.

Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін айқындайды. Диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа және қолданыстағы ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың қызметін медициналық қызметтерді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы үшін, сондай-ақ өзінің және бағынысты тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру шараларын қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде жұмыс нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды.

Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамашылдығы мен белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жұмыстарын үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды айқындайды, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша тиімді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитариялық қағидалар мен нормалардың сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.

Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі заңдылықтың, оның ішінде қаржылық-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласында сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер жасайды. Өз құзыреті шегінде барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта таныстырады. Медициналық этика талаптарының, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, жабдықтар мен механизмдердің техникалық пайдалану талаптарының, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.


КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

– «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсын (қайта даярлау) өткенін растайтын куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе Executive MBA немесе Full Time MBA дәрежесі, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілі;

– медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін: бірінші (жоғары) біліктілік санатына сәйкес дәрігердің жалпы біліктілік талаптарына сай кәсіби құзыреттердің болуы, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.


КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК:

Қазақстан Республикасының Конституциясы (2026 жылғы 15 наурыз), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (1994 жылғы 27 желтоқсан), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (2015 жылғы 23 қараша), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (2020 жылғы 7 шілде), «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (2014 жылғы 5 шілде), «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2024 жылғы 1 шілде), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2015 жылғы 18 қараша), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (1997 жылғы 11 шілде) және денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық, қаржылық қызметінің негіздерін, басқарудың экономикалық әдістерін, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, кадрлық менеджменттің үздік тәжірибелерін, халық денсаулығының көрсеткіштері мен статистикасын, отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін, халықаралық тәжірибені, еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі нормаларын, төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруды білуі тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының функцияларын дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.


ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:

Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы87 үй, 9-кабинет, тел.: 8 (7132) 51-67-69, электрондық пошта: gpol-6@.mail.kz


КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  2. Еркін нысанда жазылған өмірбаян.
  3. Білім туралы құжаттардың көшірмелері.
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса) немесе еңбек шарты, жұмысқа қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжат.
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №175 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды конкурс жариялаған кәсіпорынға осы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта арқылы, электрондық форматта құжат қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынылуы тиіс. Ұсынбаған жағдайда кандидат әңгімелесуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлық деңгейі туралы қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми дәрежелер мен атақтар, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ КҮНІ:

Құжаттарды қабылдау мерзімі — конкурс жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады. Күні: 03.06.2026 ж. Уақыты: сағат 10:00


КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ:

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы87 үй, 18-кабинет, тел.: 8 (7132) 51-67-69, электрондық пошта: gpol-6@.mail.kz





Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Біздің миссия:


Халықтың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыратын
сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы әрбір
адам денсаулығына қол жеткізу.

Сілтемелер
X