Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » Школа долгожителей

Школа долгожителей

14 июнь 2023, Среда
98
0

Біздің емханамызда «Ұзақ әрі белсенді өмір сүру» мектебі ұйымдастырылып, ойдағыдай қызмет атқаруда. Оқу бағдарламасы мектеп «қатысушыларына» арналған 5 сабақтан тұрады. Әр сабақ үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім: ақпараттық бөлімнен тұрады (дәрігерлер дәріс немесе тақырыпты талқылау арқылы өткізеді); екінші бөлім: сауықтыру дене тәрбиесі түрінде өткізіледі; ал үшінші бөлімде психологтармен және егде адамдардың өмір сүру сапасын, өмір ұзақтығын арттыруға, әлеуметтік және психологиялық саламаттылыққа бағытталған, «Бос уақытты ұйымдастыру үшін жағдай жасау» бағыты аясында  жұмыс жүргізіледі

Мектепті -  профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің аға медбикесі, жоғары санатты медбике, академиялық бакалавр, Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Бағдагүл Әбутәліқызы Ділманова өткізеді.


2023 жылдың 8 қыркүйекте ✓6 Қалалық емханада Кәсіподақ ұйымының қолдауымен ОТБАСЫ КҮНІ  "Отбасы құндылығы - саркылмас қазына" атты мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарды нығайту, жастарға отбасы құндылықтарын жеткізу. 
Шарада отбасы туралы өлеңдер оқылып,мақал - мәтелдер, өлең айтылды. Емхана кәсіподақ атынан өнегелі отбасы иелері карттарға Т.Ахтанов драма театрына "Айналайын' қойылымына шакыру билеттері таратылып, жас отбасыларына сыйлықтар табысталды. Әр отбасында шаттық, бірлік пен береке болсын!

2023 жылдың  қыркүйек айының 19-на Қаламыздың Т.Ахтанов атындағы драма театрының әкімшілігінің шақыртуымен, №6 қалалық емхана СӨСҚ мамандарымен бірігіп, «Бос уақытты ұйымдастыру үшін жағдай жасау» бағыты аясында  белсенді ұзақ өмір сүру мектеп қатысушыларын «АЙНАЛАЙЫН»,туысқандар  арасындағы сыйластықпен бауырмалдықты жоғалтпау, ана мен бала, бауырлар, ағайын-туыстың арасындағы қарым-қатынасты суреттейтін қойылымын тамашалап, мәдени іс-шаралар  өткізілді.


2023 жылдың 2 қазанында 1 қазан қарттар күніне орай  Облыстық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен , емдеу мекемелерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Сапалы ұзақ өмір - сүру менің таңдауым» атты ұранмен медицина мекемелерінің  Қарттар  денсаулық мектептерінің белсенді қатысушылары арасында  «Шәмші әндері»  атты ән конкурсы ұйымдастырылды. Шараға 9 емдеу мекемесінен жасы 65 асқан қарттар қатысты. Қазақ вальсінің королі атанған Шәмші ағаның әуендерін қарттар ұлттық нақышпен орындады. Конкурсқа №6 Қалалық емхананың пациенті Рыскелдина Клара Есеновна қатысып, жүлделі 1 орын иеленді. 
1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып келесі номинация бойынша емдеу мекемелерінің  кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен: 1.Салауатты өмір салтын ұстанушы, 2.Скандинавиялық жүріспен белсенді айналысушы, 3.Қарттар денсаулық мектебінің белсенді қатысушысы, 4.Ұзақ өмір сүруші, 5.Емхананың белсенді денсаулық саласының ардагерлеріне алғыс хаттармен сыйлықтар берілді. Халқына тіреу, басына бағдаршы, жасына ақылшы болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!



2023жылдың 10 қазанда ШЖҚ «№6 Қалалық емхана»  СӨСҚ және психолог мамандары  Белсенді ұзақ өмір сүру мектебі қатысушылары мен қызметкерлерге «Артық салмақ пен семіздік, диета және спорт, қазіргі трендтер» тақырыбында дәріс өткізді. 
Дәріс соңында релакс бөлмесінде   адам ағзасына пайдалы жаттығулар жасалды.
Жаттығудың 10 пайдалы қасиеті:
1. Жаттығу өзіңізді бақытты сезінуге;
2. артық салмақтан арылуға;
3. бұлшық ет пен сүйекке пайдалы;
4. ағзадағы энергия қорын арттырады;
5. созылмалы аурулардың  даму қаупін төмендетеді;
6. терінің жағдайын жақсартуға;
7. есте сақтауды және басқа ми функцияларын жақсартуға;
8. ұйқыны жақсартуға және демалуға;
9. ауырсынуды азайтады;
10. жалпы өмірді жақсартады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер