Жасөспірімдердегі күйзеліс және оның алдын-алу жолдары
Күйзеліс (сресс) дегеніміз — бұл күшті әсерден адамда пайда болатын зорланған көңіл күй.
Күйзеліс – бұл қоршаған ортаның жағымсыз өзгерістеріне жауап ретінде организмнің ерекшеленбеген қорғаушы реакциясы.
Күйзеліс (стресс) түрлері
§ Кәсіби күйзеліс ( жұмыста болған күйзеліс)
§ Сезім әрекетіне бой алдырған күйзеліс
§ Жарымжандық күйзеліс
§ Рухани қалып күйі күйзелісі
§ операциялық күйзеліс ( хирургиялық операцияға организмнің реакциясы )
§ Жарақаттау қызметін басынан кешіруден пайда болған күйзеліс және т.б.
Күйзеліске нелер түрткі болуы мүмкін?
1. Физикалық түрткілер: ыстық, суық, шу, от, жол қозғалысы, зорлық – зомбылық, аурулар, жұмыс жағдайларының нашарлығы және т.б.
2. Әлеуметтік түрткілер: қоғамдық, эконоикалық және саясаттық; отбасылық; жұмыспен, мансаптылықпен байланыстылар; жеке адамдар аралық.
3. Отбасылық түрткілер: міндеттерді бөлу, қызғаншықтық, құндылықтар жүйесіндегі өзгешелік, аурулар (отбасындағы өлім – жітім және т.б.)
Стресстің (күйзеліс) бірнеше сатылары болады. Олар:
Бірінші (үрейлену сатысы). Мұндай кезеңде жүрек жиірек соғады , ас қорыту уақытша тойтарылады. Адам бұндай күйде ұзақ бола алмайды , өйткені шаршайды.
Екінші (қарсыласу сатысы). Ол күйзеліс жағдайының даму және жалғасуына қарай басталады. Бұл сатыда адам жағдайларға бейімделе отырып , қолайлы ережеде әрекеттенеді. Бұл саты біршама ұзаққа созылуы мүмкін.
Үшінші (әлсіреу сатысы). Әлсіреу сатысы, егер күйзеліс тым күшті немесе ұзақ болғанда басталады. Оның белгілері; сезім әрекетіне бой алдырған (үрейлену, енжарлық, кейігіштік, психикалық шаршағандық), мінез – құлықтық (жауаптылықтан және өзара қатынастан бойды аулақ салу, ойда болмайтын мінез көрсету, өзіне көңіл қоймау) және соматикалық (денсаулықтың нашарлауы, жүдеу, тым көптеп дәрі – дәрмек қолдану) салаларында басталады. Қарсыласу мүмкіншілігін жоғалту ауруларға, психологиялық жарақат алуға, әкеліп соғады.
Кейбір батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша аурудың 70% сезім әрекетіне бой алдырған күйзелістермен байланысты болған. Еуропада жыл сайын миллиондаған адамдар күйзеліске байланысты жүрек-қантамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылысынан өлген.
Күйзелістің екі түрі
«Жағымды» күйзеліс ұзақтайын көтеріңкі көңіл күйде болуға әкеледі, оның өзі организмге жақсы әсер етеді: иммунитет артады, аурулардың беті қайтады, адам қуаныш толысуын сезінеді, өте жақсы көрінеді және тамаша сезінеді. «Жағымсыз» күйзеліс дағдылы қалыптан ұзақ уақытқа шығарып тастайды және денсаулығына елеулі зиян келтіреді.
Негізгі белгілері:
1. ұмытшақтық,
2. көтеріңкі қозғыштық,
3. тұрақты шаршағандық,
4. әзіл – оспақты түсіне білуден айырылу,
5. Кенет тартылатын сигарет санының көбейуімен бірге бір мезгілде алкогольдік ішімдікке құмарту
6. ұйқы мен асқа деген зауықтылықтың жоғалуы
7. ақыл – естің төмендеуі
8. Кейде, бас, арқа, асқазан тұстарында былай айтылатын «психосоматикалық» ауру дегеннің кездесуі мүмкін.
Сөйлемді төмендегі шкала көмегімен бағалаңыз.
ешқашан (1 ұпай); кейде, оқта-текте (2 ұпай); жиі (3 ұпай); әрқашан (4 ұпай)
1. Болмашы нәрсеге кейде ғана шамданамын.2
2. Біреуді күткенде ғана қобалжимын.2
3. Ұялған уақытымда қызарып кетемін.2
4. Ашуланғанда біреуді абайсыз өкпелетіп алуым мүмкін.2
5. Сынды көтере алмаймын, өзімді ұстай алмаймын.2
6.Егерде автобуста біреу мені итерсе, мен тура сондай жауап қайтарамын немесе дөрекі жауап қатамын.1
7. Бар бос уақытымда бір іспенғана айналысамын.1
8. Кездесуге әрқашан кешігіп немесе ерте келемін.1
9. Тыңдау қабілетім төмен, міндетті түрде сөзге араласып отырамын.1
8. Тәбеттің жоқтығынан қиналамын.1
9. Себепсіз көп қобалжимын.2
10. Таңертеңгі уақытта өзімді нашар сезінемін.1
12. Өзімді нашар сезініп, аз ұйықтаймын, ұзақ уақыт ұйықгай алмаймын.1
13. Жеткілікті ұйықтағанның өзінде өзімді жақсы сезінбеймін.2
14. Үнемі бірнәрсе дұрыс емес шығар деп қобалжимын.1
15. Мойнымда ауыртпалықтар көп.1
16.Үстел басында отырғанда, аяғымме тербетіп, саусақтарыммен үстел үстін соғып отырамын.1
17. Үстел үстінде отырғанда теңселе-тербеліп отырамын.1
18. Жетістіктерім үшін әрдайым мақгау сөздерін күтемін.1
19. Өзімді басқалардан әлдеқайда күштімін деп ойлаймын.2
20. Тамақгану тәртібін (диета) сақтамаймын.2
Бағалау шкаласы:
30 ұпай және одан төмен. Сіз саналы әрі тұрақты өмір сүретін адамсыз. Өміріңізде пайда болатын бар мәселелерді тез шеше аласыз. Өзіңізді өзгелерден артық деп ойламайтын, қанағат тұтаалатын, әрқашан бәрі не үлгеретін адамдардың қатарындасыз.
31-45 ұпай. Сіз өте белсенді адам болғандықтан, өміріңіз қызықты әрі стреске толы болып өтеді. Сондықтан сіз көп шаршайсыз, үздіксіз стреске шалдығьіп отырасыз. Алайда бұл стрестің барлығы алдыңызға қоятын биік мақсаттарыңыз үшін.
46-60 упай. Сіз үшін бастысы – жарқын мансап. Сіз үшін өзгелердің ойы мен көзқарасы өзіңіздің ойыңыздан әлде қайда маңызды, сондықтан сіз әрқашан стресс үстінде боласыз. Егерде сіз өміріңізді осындай бағытта жалғастырсаңыз, сіз расында да көпнәрсеге жетіп, армандарыңыздың көбі орындалады, алайда мұның барлығы сізге қуаныш әкеле аладыма, ойланыпкөріңіз.
61 ұпай және одан жоғары. Сіз көліктің жүргізушісі секілді өмір сүресіз: бірде жылдамдықты, бірде тежегішті басасыз. Тез арада өмір сүруіңіздің салтын, тәртібін өзгертіңіз. Мұндай стресс тек сіздің денсаулығыңызға ғана емес, сондай-ак сіздің болашағыңызға да кері әсер етуі мүмкін.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)