Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » «Ата - аналар мен жасөспірімдер арасындағы шиеленістер және шешу жолдары»

«Ата - аналар мен жасөспірімдер арасындағы шиеленістер және шешу жолдары»

23 апрель 2019, Вторник
2 782
0


Мақсаты: отбасылардың ішіндегі жасөспірімдердің шиеленістерін болжау принциптерін ұсыну.
Міндеттер:
1) Ата-ана мен жасөспірімдер арасындағы шиеленістердің себеп-салды мағынасын ашу
2) Отбасылық конфликтология негіздеріне шолу жасау
3) Жасөспірімдер мен ата-аналардың арасындағы шиеленістерді шешу жолдарын көрсету
4) Шиеленістерді болжау мен алдын алу шараларын ұйымдастыру жолдарын ұсыну
5) Шиеленістердің қайнар көзін табу стильдерімен таныстыру
Дөңгелек үстел барысындағы жаттығулар мен дискуссиялар:
Алғы сөз
Құрметті ата-аналар мен балғын бала шақтың ажарлы да асыл өкілдері!
Бүгінгі ұйымдастырылған дөңгелек үстеліміздің тақырыбы: «Толық және толық емес отбасылардың жасөспірімдерінде болатын шиеленістерді шешу стильдері». Осы тақырыпқа сәйкес қарастырылатын негізгі қағидалар: Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы, отбасындағы шиеленістердің пайда болуы мен шиеленістерді шешу жолдарын табу.
Аталған тақырыбымызға сай келесі мақсат таңдалды: «Толық және толық емес отбасылардың ішіндегі жасөспірімдердің шиеленістерін болжау принциптерін ұсыну». Яғни, бұл әрекетіміздің түп мағынасы – бала мен ата-ана арасында болатын шиеленістерді болдырмау, әрі шиеленістерді шешу стильдерін шыңдау дағдысын түйсіндіру.
1 жаттығу «Таныстыру»
Әр бала өз ата-анасының аты жөнін және бір жақсы қасиетін атап өтуі тиіс.
Келесіде қадамда, ата-аналары өз балаларының аты жөнін және бойындағы бір жақсы қасиетін атап өтуі тиіс.
2 жаттығу «Сұрақтарға жауап»
Ата-аналары балаларына байланысты сұрақтарға, балалары ата –аналарына байланысты сұрақтарға жауап беруі керек.
· Жақсы көретін түстер;
· Ұнататың тағымдарды жеу/ даярлау;
· Ұнатып тыңдайтың әуендер;
· Ең жақсы қолынан келеді.
Жауаптарын ата-анасы мен баласы жүптасып оқып отырып талқылайды.
3 жаттығу «Топтық жұмыс»
Ата –аналар бір топ болып, оқушылар бір топ болып отырады да, берілген параққа ақылдасып отырып кесені толтырады.
Оқушылар
Ата –аналарымыздың тәрбиелігіндегі ұнайтың сәттер Ата –аналарымыздың тәрбиелігіндегі ұнамайтың сәттер
Ата -аналары
Балалардың мінездеріндегі кездесетін қиындықтар Балалардың мінездеріндегі жақсы жақтары
Жауаптарын топтан біреу шығып, ойларын ортаға салып, аралыса отырып талқылау.
4 дәріс
«Жасөспірімдерінде болатын шиеленістерді шешу стильдері».
Ресей ғалымдары А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов былай деп айтқан: "Өмір-бұл күрес, ал күрес-бұл конфликт".
"Конфликт", яғни «Шиеленіс» термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік конфликт барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз дегенде екі қарама-қарсы жақ болу керек. Олардың әрекеттері өз қызығушылықтарына бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады. Сондықтан да барлық конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән.
Жасөспірімдердің мінездерінде кездесетін шиеленістердің стильдерін К.Томас 5 түрге бөлген: ынтымақтастық, келісімге келу, қашу, бейімделу және бәсекелестік.
Ынтымақтастық стилі- бағындырушының іс-әрекетіндегі жетістікке жетуіндегі белсенділікке талпынумен сипатталады. Бәсекелестік стиліне қарағанда, ол тек өзінің қызығуына қайшылықты пікірлерден қашып, көбіне бағынушылардың пікірін ескереді. Ынтымақтастық стилі мына жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- мәселені шешу екі жақ үшін де маңызды болса;
- тығыз өзара байланысты қатынас бар болса;
- тең билік бар болған жағдайда.
Келісімге келу стилі - бұнда бағындырушы бағынушылардың ой-пікірімен қатынаста нормализацияға жетуге ұмтылады, олардың пікірлерімен санаса отырып, өз жағына тартуға тырысады. Келісімге келу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- екі жақ та бірдей билікте болса;
- шешімді тез қабылдағыңыз келсе;
- уақытша шешімге келіссеңіз;
- жақсы қарым-қатынасты сақтағыңыз келсе;
- алдын-ала қойған мақсатыңызды өзгерте алсаңыз.
Қашу стилі- қойылған мақсатты жүзеге асыруда жауапкершіліктен қашумен сипатталады, яғни жауапкершілік пен жазадан қорқады, өз бетінше шешім қабылдағысы келмейді, іс-әрекетте табысқа жету мотивациясы жоқ. Қашу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- шиеленісушілік, өте жоғары және оны төмендету қажет жағдайда;
- шығын өте маңызды емес және өз күшіңізді жоғалтқыңыз келмесе;
- уақыт ұтқыңыз келсе;
- жағдай пайда әкелмейтінін білсеңіз;
- билік аз, қарама-қарсы жақтың мүмкіндігі көп екенін білсеңіз.
Бейімделу стилі- басқару мақсатында оң нәтижеге жетуге қызықпайды, белсенділік танытпайды. Бұл стильдегі бағындырушылар қайшылық жағдайынан және жауапкершіліктен қашуға тырысады. Ал бейімделу стилі келесі жағдайларда:
- болған жағдай ерекше толғандырса;
- қарым-қатынасты жақсы сақтағыңыз келсе;
- билік сіз жағыңызда болмаса;
- билік аз және жеңіске жету ықтималдығы аз болған жағдайда.
Бәсекелестік стилі- ол әрекетте бағындырушы өте белсенді болады, қойылған мақсатқа жету үшін тез шешім қабылдайды. Бәсекелестік стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- белгілі бір билікті иеленсеңіз;
- шығын сіз үшін өте маңызды болса;
- шешімді тез қабылдау қажет болса;
- сіз үшін жоғалатын еш нәрсе жоқ, басқа таңдау жолы жоқ жағдайда;
- сіз неғұрлым шешім қабылдауды талап ететін дағдарыс жағдайында тұрсаңыз;
- сіз таныс емес шешімді қабылдауыңыз керек және сізде билік бар болған жағдайда.
Адамдармен қарым-қатынас барысында жанжалдан қашқақтаудың көптеген ережелері бар. Олардың ішіндегілер: 1. Егер адамды өзіңнің жауыңа айналдырғың келмесе, оның ойлау қабілеті мен дарындылығына ешқашан күмән келтірме. 2. Адамда өзіне-өзі деген сенімін нығайту керек. 3. Адамдармен сөйлесу барысында қарама-қарсы пікірлеріңіз болған жағдайда, сөзді бұдан бастамаңыз. Адам қорғанысқа дайын болу мүмкін де, барлық қарсы сөздер агрессияның күшүюіне әкелуі мүмкін. Немесе адамның жақсы көңіл-күйін сіздің қарсы сұрақтарыңыз бұзып, конфликт туындауы мүмкін. 4. Адамды сендіруге ұмтыла отырып, оған өз пікірін айтуға мүмкіндік беру керек. Әрине, бұл үлкен шыдамдылықты талап етеді, бірақ өте эффективті.
5 жаттығу «Жұппен жұмыс»
Әр ата –ана өз баласын алып жұп болып отырады. Тапсырма екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең бойынша, әр біреуіңіз 1-1,5 мин. Әңгіме құрастырып айтып отыруыңыз керек. Тыңдаушы өз жұмысымен айналысып отыра береді. Бұл кезде әңгімелеуші оған қарап әңгімесін жалғастыра береді. Әңгімесі аяқталғанна кейін жұптар рөлдерін ауысытруы қажет.
Екінші кезең бойынша, әр біреуіңіз 1-1,5 мин. Әңгіме құрастырып айтып өтуіңіз керек. Бұл кезеңде тыңдаушы әңгімелеушінің көзіне 20 сек көлемінде қарап-тыңдап отыруы қажет. 20 сек кейін, тыңдаушы әңгімелеушінің қолын тағы 20 сек ұстап, көзіне қарап-тыңдап отыруы қажет. Келесі 20 сек тыңдаушы әңгімелеушінің қолтығынан ұстап, көзіне қарап-тыңдап отырады.
Жаттығу соңында әр қатысушы не сезінгені туралы, өз ойын айтуға қай кезеңде ыңғайлы болғаны туралы және қай кезеңде өз ойын білдіруге қиналғанын айтуы керек.
6 жаттығу. Рефлексия
Бүгінгі дөңгелек үстелден алған әсерлеріңіз бен ойларыңызды бөлісіп көрейік.
· Бір-біріңізден қандай жаңалық білдіңіздер?
· Қандай қарым-қатынас түрін қалайсыздар?
· Тәрбиеде не өзгертер едіңіздер?
· Шиеленістерді болжауға үйрендіңіздер ме?
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер