Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » Скрининг

Скрининг

12 июль 2023, Среда
115
0

Скрининг


Қазақстан Республикасында скрининг шеңберінде 40-70 жастағы әйелдерге 2 жылда 1 рет екі сүт бездерінің маммографиясы екі проекцияда жүргізіледі. Айта кету керек, барлық суреттер екі рет оқылады: қалалық, аудандық емхананың (жылжымалы медициналық кешеннің) маммография кабинетінің рентгенолог дәрігері - бірінші оқылым, ОЦ маммография кабинетінің рентгенолог дәрігері – екінші оқылым. Қажет болған жағдайда әйелдерге тереңдетілген диагностика жүргізіледі: нысаналы маммография, сүт бездерін ультрадыбыстық зерттеу, трепанобиопсия, оның ішінде гистологиялық зерттеу үшін УДЗ бақылауымен немесе стереотаксикалық бақылаумен.

Маммография дегеніңіз – сүт безін рентгендік зерттеу. Мам­мография сүт безі обырының ерте белгілерін анықтай алады. Бұл – сүт безі қатерлі ісігінен орын алатын өлім ықтималдылығын азайтатыны дәлелденген жалғыз ра­диациялық зерттеу әдісі. Емдеу про­це­дура­сына арнайы дайын­дық­тың қажеті жоқ. Маммо­графия арнайы аппарат – мам­мографтың көмегімен іске асырылады.. Қазіргі заманғы құрылғылардың көпшілігі цифрлы технологиялар саналады. Цифрлы маммографияның жоғары кескін сапасы және жоғары дәлдік сияқты бірнеше артықшылығы бар. Сондай-ақ цифрлы маммографтар сәулеленудің төмен дозасын пайдаланады.

Пациент маммография бөлме­сін­де беліне дейін шешініп, ап­паратқа жақын­дай­ды. Сүт безі екі жағынан арнайы компрессиялық пластиналармен басылып, суретке түсіріледі. Кейін плас­тиналар бір-бірінен тартылып, кеуде қуысы босап, екінші сүт безіне арналған процедура қайталанады. Бас-аяғы әр кеудеге екі суреттен – жиыны 4 сурет алынады. Сүт безі екі бағыт­та қысылады: жо­ғарыдан төмен­ге және ішінен сыртқа қа­рай. Бұл ісіктің көзге көрінбей қа­луына жол бермеу үшін тіндерді мүм­кіндігінше кеңінен қамту мақ­са­тында жасалады. Заманауи цифрлы құрылғыларда пациент сәулеленудің минималды дозасын қа­был­дайды. Бұл доза жолаушы ұшақта ұзақ ұшу кезінде алатын дозамен салыс­ты­рылады. Мұндай салыстыру ғылыми-көп­шілік мақа­лаларда берілген. Яғни бұл өте төмен доза, – дейді мамморадио­лог дәрігер.

Скрининг – обыр  ауруын ерте анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені.Скрининг өтіңіз!








Дәрігер рентгенолог Кузенкова Валентина Романовна
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер