Скрининг
Қазақстан Республикасында скрининг шеңберінде 40-70 жастағы әйелдерге 2 жылда 1 рет екі сүт бездерінің маммографиясы екі проекцияда жүргізіледі. Айта кету керек, барлық суреттер екі рет оқылады: қалалық, аудандық емхананың (жылжымалы медициналық кешеннің) маммография кабинетінің рентгенолог дәрігері - бірінші оқылым, ОЦ маммография кабинетінің рентгенолог дәрігері – екінші оқылым. Қажет болған жағдайда әйелдерге тереңдетілген диагностика жүргізіледі: нысаналы маммография, сүт бездерін ультрадыбыстық зерттеу, трепанобиопсия, оның ішінде гистологиялық зерттеу үшін УДЗ бақылауымен немесе стереотаксикалық бақылаумен.
Маммография дегеніңіз – сүт безін рентгендік зерттеу. Маммография сүт безі обырының ерте белгілерін анықтай алады. Бұл – сүт безі қатерлі ісігінен орын алатын өлім ықтималдылығын азайтатыны дәлелденген жалғыз радиациялық зерттеу әдісі. Емдеу процедурасына арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Маммография арнайы аппарат – маммографтың көмегімен іске асырылады.. Қазіргі заманғы құрылғылардың көпшілігі цифрлы технологиялар саналады. Цифрлы маммографияның жоғары кескін сапасы және жоғары дәлдік сияқты бірнеше артықшылығы бар. Сондай-ақ цифрлы маммографтар сәулеленудің төмен дозасын пайдаланады.
Пациент маммография бөлмесінде беліне дейін шешініп, аппаратқа жақындайды. Сүт безі екі жағынан арнайы компрессиялық пластиналармен басылып, суретке түсіріледі. Кейін пластиналар бір-бірінен тартылып, кеуде қуысы босап, екінші сүт безіне арналған процедура қайталанады. Бас-аяғы әр кеудеге екі суреттен – жиыны 4 сурет алынады. Сүт безі екі бағытта қысылады: жоғарыдан төменге және ішінен сыртқа қарай. Бұл ісіктің көзге көрінбей қалуына жол бермеу үшін тіндерді мүмкіндігінше кеңінен қамту мақсатында жасалады. Заманауи цифрлы құрылғыларда пациент сәулеленудің минималды дозасын қабылдайды. Бұл доза жолаушы ұшақта ұзақ ұшу кезінде алатын дозамен салыстырылады. Мұндай салыстыру ғылыми-көпшілік мақалаларда берілген. Яғни бұл өте төмен доза, – дейді мамморадиолог дәрігер.
Скрининг – обыр ауруын ерте анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені.Скрининг өтіңіз!