Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » Денсаулығыңызды күтіңіз - скринингтен өтіңіз!

Денсаулығыңызды күтіңіз - скринингтен өтіңіз!

16 июнь 2023, Пятница
112
0
Денсаулығыңызды күтіңіз - скринингтен өтіңіз!


Скрининг – емдеудің тиімділігін арттыру және асқынулардың дамуын болдырмау мақсатында қауіп факторлары мен ауруларды ерте кезеңде анықтау мақсатында белгілі бір жастағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеру.

Скринингке мыналар кіреді:
  •     
  • антропометриялық     өлшемдер (бой, дене салмағы, бел шеңбері);
        
  • қан     қысымын өлшеу;
        
  • мақсатты     топқа байланысты зертханалық және     аспаптық зерттеулер.

        
Келесі жас топтары скринингке жатады:


  •     
  • 30     жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер     2 жылда 1 рет:
        
  • холестерин     мен қандағы глюкоза деңгейін анықтау;
        
  • электрокардиография     – көрсеткіштер бойынша;
        
  • кардиологтың,     эндокринологтың тексеруі – көрсеткіштер     бойынша.
    30 пен 70 жас аралығындағы     ерлер мен әйелдер (жиілігі 2 жыл):

    көзішілік     қысымды өлшеу.
    30-70     жас аралығындағы әйелдер (жиілігі 4     жыл):

    жатыр     мойнынан жағындыны цитологиялық     зерттеу;
    акушер     – гинекологтың қарауы, кольпоскопия     – көрсеткіштер бойынша.
    30 жастан 70     жасқа дейінгі әйелдер (жиілігі 2     жыл):

    сүт     бездерін рентгендік зерттеу     (маммография);
    көрсеткіштер     бойынша маммологтың, онкологтың     тексеруі.
    40 жастан 70 жасқа дейінгі     ерлер мен әйелдер (жиілігі 2 жыл):

    тоқ     ішек пен тік ішек ауруларын ерте анықтау     үшін нәжісті жасырын қанға сынау;
    хирургтың,     проктологтың, гастроэнтерологтың     тексеруі, тоқ ішек пен тік ішекті     эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия)     – көрсеткіштер бойынша.

    Біздің     емханаға тіркелген болсаңыз  скринингтен     өту тегін!
        
  • Мекен     жайымыз:     Ақтөбе қаласы, Абылхайр хан көшесі 87      
        
  • 6Қалалық     емхана;  30 кабинет.

    Бұл     зерттеулер жүрек-қан тамырлары,     онкологиялық ауруларды, қант диабетін,     глаукоманы ерте кезеңде анықтауға     мүмкіндік береді, бұл кезде инсульт,     инфаркт, соқырлық, тоқ ішек, сүт безі     және жатыр мойны обыры сияқты ауыр     асқынулардың алдын алуға болады.

    Өз     денсаулығыңызға жауапты болыңыз!
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер