Белсенді ұзақ өмір сүру мектебі
2025 жылдың 29 қаңтарында «№6 Қалалық емхана» СӨСҚ, психолог мамандары бірігіп — «Белсенді ұзақ өмір сүру мектебі» қатысушыларына «Тыныс алу жолдарының аурулары. Халықтық емдеу» тақырыбы аясында «Green Land» демалыс базасында «Таза ауа–денсаулық кепілі» атты демалыс - серуен ұйымдастырды. Демалушыларға Тыныс алу жолдарының ауруларының алдын алу,халықтық емдеу туралы айтылып, таза ауада серуендеп,шынығу жатығуларын жасады. Қатысушылар музыка тыңдап, бойын сергітіп, демалыс базасының мейрамханасы қайнатқан шәйдан дәм татып тарасты.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)