Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » "Белсенді ұзақ өмір сүру" мектебі

"Белсенді ұзақ өмір сүру" мектебі

26 июль 2023, Среда
104
0
2023 жылдың шілденің 25 не «№ 6 Қалалық емхана»  гериатр дәрігері,СӨСҚ, психолог мамандары  Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне (21-31 шілде  ) орайластырылған шаралар аясында белсенді ұзақ өмір сүру мектеп қатысушыларына «Вирустық гепатиттің алдын алу» туралы семинар –тренинг өткізді.
Негізгі мақсат, халықтың аталмыш ауру туралы көбірек ақпарат біліп, диагностика, вакцинация сияқты алдын алу шараларын қолдануы.
Гепатиттің жұғу қаупінен сақтану үшін төмендегі ережерлерді қадағалау қажет:
А және В гепатитіне қарсы екпе алу. Сапалы ауыз суын пайдалану, тұтынатын көкөністер мен жемістерді жуу арқылы А гепатитінің жұғуынан сақтануға болады.
Микроскопиялық мөлшерде қан, ұстараларда, тіс щеткаларында, тырнаққа арналған қайшыларда қалуы мүмкін. Бұл заттарды басқа адамдармен бөлісіп пайдалануға болмайды. Косметологиялық манипуляцияларды стерильді емес аспаптармен жасауға болмайды. А және Е гепатитінің инфекциясын қауіпсіз тамақ өнімдерін пайдалану, суды зарарсыздандыру және ауруды жұқтырған адамды оқшаулау арқылы болдырмауға болады.
В және С гепатиті-донорлық қанды тексеру, стерильді инъекциялық жабдықты және инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету арқылы алдын алуға болады.
Денсаулығыңызда күмән тудыратын белгілерді байқасаңыз, дәрігерге қаралып, уақытылы гепатитке қарсы екпе алу қажеттігін ұмытпаңыз деп кеңес берді дәрігер. Егде адамдармен физикалық белсенділікті,есте сақтау қабілетін арттыратын жаттығулар жасалып, жұмбақтар жасырылып,жаңылтпаштарды қайталап,психологиялық тренингпен аяқталды.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер