Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » Жасөспірімдердің суицидке бару әрекетінің алдын алу

Жасөспірімдердің суицидке бару әрекетінің алдын алу

31 июль 2023, Понедельник
135
0

Қазіргі уақытта көп елдерде белең алған мәселе ,ол –суицид. Суицидке көбіне жасөспірімдер барып жатады  . Жалпы қазіргі таңда жасөспірімдер болсын, егде жастағы адамдар болсын, проблемадан құтылудың жолы –суицид  деп ойлайды.  

Қазіргі таңда суицидке барудың  себебі: жауапсыз махаббат, біреудің айтылған қатты ескертулерін көтере алмауы, отбасындағы қаржы мәселесі,шыдамсыздық, қорқақтығы, сабақ үлгерімінің төмендігі, отбасындағы жағдайлар мен қызығушылық деңгейінің нашарлығы әсер етеді екен. 

Суицид туралы ойланып жүретін адамдар - өте тұйық, өзіне зияны тиседе басқа адамдарға өзінің атынан жасалынатын жұмыстарға   рұқсатын бере беретін болады, айналасындағы болып жатқан өзгерістерге немқұрайлы қарап, өзін ортасынан шеттететін болады. 


Жалпы осыған байланысты суицидті алдын алу үшін, ең бірініші отбасымен ашық сөйлесе білу, ата-ана баласымен жақсы қарым-қатынас жасай білуі, өзінен кемшілік іздемей, өзіне сенімді болуы тиіс. 

Өзінің  бос уақытын пайдалы ақпараттармен , іс-әрекеттерге жұмсай білуі керек.   Егерде өзінің жағдайын өзгелерге немесе достарымен анасына да айтуға қысылып жүретін болған жағдайда психолог маманына хабарласуы қажет.



Егер қандайда бір мәселе бойынша психолог көмегін қажет етсеңіз, Абильхайыр-Хан 87, №6 қалалық емхана, 49 кабинетке келіп кеңес алуыңызға болады!

Жеңіс Айдана Бакбергенқызы

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер