Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » Психикалық денсаулықтың бұзылуы.

Психикалық денсаулықтың бұзылуы.

02 июль 2023, Воскресенье
196
0

Психикалық денсаулықтың  бұзылуы.

 

Соңғы жылдары  әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың  бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, ішімдікті, есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,психологиялық бағыт, көмек көрсету болып табылады. Нашақорлыққа, ішімдікке салынған адамның қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға көзқарасы өзгеріп, көңіл-күйі аяқ астынан жиі төмендейді және психика, жүрек қан-тамырлары және жүйке жүйесі, сонымен қатар бауыр, бүйрек қызметі бұзылып, адамның ой-өрісі төмендейді. Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды ерік-қайратынан айырады. Ол өз-өзін сезіну сезімін жоғалтуынан, өзгерген қоғамдағы өзіндік рөліне бейімделе алмауынан (немесе қиналуынан) пайда болады. Бұл жағдай өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық қатынастар мен тұлғалық мақсаттардың, мінез-құлық стереотиптерінің қайта қалыптасуы қиыншылығы арасындағы талаптардың айырмашылығына байланысты туындайды. Мұның бәрі адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Денсаулыққа жетелейтін таңдаудың алғы шарты болып өзіндік ішкі дүниесіне, яғни Мен «дауысына» сүйенуі саналады, бұл таңдау жасау барысында оны бөліп алуға, тыңдауға, соған еліктеуге мүмкіндік береді.

        Психолог: Даулетова Г.И.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер