Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » «ALTYN SHIPAGER»

«ALTYN SHIPAGER»

21 декабрь 2023, Четверг
107
0
2023 жылдың 14 желтоқсанда Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің медицина қызметкерлері үшін жылдың басты оқиғасы – «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық сыйлығын тапсыру өтті. Салтанатты рәсімнің басында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне үлкен алғысын білдіріп, олардың табыстарын, қоғам игілігі үшін қажымас еңбегін, Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерін атап өтті. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктеріне жеке тоқталып,әріптестеріне алғысын білдірді.
«Алтын шипагер» республикалық байқауына №6 Қалалық емхана жалпы тәжірибе медбикелерінің аға медбикесі Балғарина Тойған Ізбасарқызы «Үздік МСАК мейіргері» номинациясына қатысып жеңімпаз атанды. Тойған Избасаровна жеңімпаз ретінде Жаңа өмір мен ұзақ өмірді бейнелейтін алтын лавр бұтағы бар хрусталь мүсіншемен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.






Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер