Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » 05 шілде Сәрсенбінің сәтті күні Астана күні мерекесі қарсаңында «Бақытты отбасы»

05 шілде Сәрсенбінің сәтті күні Астана күні мерекесі қарсаңында «Бақытты отбасы»

05 июль 2023, Среда
87
0
05 шілде Сәрсенбінің сәтті күні  Астана  күні мерекесі қарсаңында «Бақытты отбасы» орталығында  көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. 
Астана ауданының әкімі Купенов Айбек Мураткалиевич Көпбалалы аналардың демографияның өсім алуына қосар үлесі мол екенін айтып, алтын құрсақты аналарды «Алтын»  және «Күміс»  алқаларымен марапаттады.
Мерекелік шарада әкім 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әлеуметтік қолдауға мұқтаж сәбилерге қайырымдылық көмек көрсеткен, ізгілікті қадамдары үшін бірнеше мекеме басшыларына алғысын білдірді.
Қаланы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарға ұжымды жұмылдырып,белсенді жұмыс жүргізген мекеме басшылары, №6 Қалалық емхана бас дәрігері А.Ж.Жанабаев марапатталды.
Астана ауданы әкімі ұжымға  сәттілік тілеп, барлық жоспарлардың  сапалы жүзеге асырылуын,биік жетістіктер мен кәсіби табыс тіледі.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер