Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » «Психология медицина әлемінде.»

«Психология медицина әлемінде.»

23 сентябрь 2024, Понедельник
13
0
    Мен үшін психология ғылымының маңыздылығы, артықшылығы көп. Бұл біздің өміріміздің әр бағытын иелену қабілеттілігін арттырады. Психология түрлі күрделі жағдайларды   шешуге көмектеседі,  атап айтқанда біздің күн сайынғы тұрмыстағы, жұмыстағы, оқу кезіндегі көптеген жағдайларды шешу. 
   Қазіргі таңда психология саласы  білім  беру жүйесінде  де, деңсаулық сақтау саласында да және басқа да кәсіп түрлерінің ажырамас бір бөлігі іспеттес. Соның ішінде медицина  психологиясы дәрігерлер мен науқас адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнатылуында, науқастардың мінез-құлық, ерекшеліктерін анықтай отырып, соған сәйкес көмек көрсету кезінде маңызды рөл атқарады. Дәрігерлер өз қызметінде  алуан түрлі мінезге ие науқастармен, олардың туысқандарымен және  өзінің әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнатып жұмыстануына тура келеді. Мәселен мазасыз,  депрессияға ұшыраған, анрессивті және т.б. тұлғалармен қарым –қатынас орнату.Дәрігер маман кез келген жағдайда өз эмоциоалды жағдайын басқарып,  өз бойында төзімділік, сабырлылық қасиеттерін қалыптастыруы керек. Науқас адам медицина қызметкерлеріне денсаулығындағы кінараттарын айта отырып, оған үлкен сенім артады, сондықтан сол сенімді жоғалтып алмас үшін науқасты неғұрлым қолдап, өз адамгершілік қасиетін берік сақтауы қажет.   
Психолог:Абдешева.Г.К 
Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер