Ерте жүктіліктің алдын алу
2024 жылдың 17 қазанда «Жасдәурен» ЖДО мамандары Бопай ханым Жоғары медициналық колледжі қыз балаларына «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Қыздарға жеке бас гигиенасы туралы және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар берді.
Психолог ерте жүктілік кезінде болатын күйзелістің алдын алу жолдарын және қыз бала анасымен тығыз қарым-қатынаста болу керектігін ескертіп,семинарды тренингпен аяқтады.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)