Жыныстық тәрбие және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік
✅ 39 Мектебіңде 2 сәуір күні "Жыныстық тәрбие және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік" тақырыбында қыз бала тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері мен 7-11 сынып оқушыларының кездесуі өтті.
✅Кездесуге Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы"Жас Дәурен" жастар денсаулық орталығының мамандары акушер-гинеколог А. Ж Ұлықпанова,психолог Г. Қ Абдешева қатысып,қыз балаларға жыныстық тәрбие және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мен болдырмау туралы айтты.Кездесу соңында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алды.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)