Вернуться назад Распечатать

Жыныстық тәрбие және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік

✅ 39 Мектебіңде 2 сәуір күні  "Жыныстық тәрбие және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік" тақырыбында   қыз бала тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері мен 7-11 сынып оқушыларының кездесуі өтті.

✅Кездесуге Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы"Жас Дәурен" жастар денсаулық орталығының мамандары акушер-гинеколог А. Ж Ұлықпанова,психолог Г. Қ Абдешева қатысып,қыз балаларға жыныстық тәрбие және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мен болдырмау туралы айтты.Кездесу соңында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алды.