1–7 тамыз — Дүниежүзілік емшек сүтімен қоректендіру апталығы аясында
№6 Қалалық емхананың Даму және ерте араласу орталығының балалар даму кабинетінің медбикесі «Қайырлы таң, Ақтөбе» сазды телебағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, әйелдер үшін емшек сүтімен емізудің пайдасы туралы сұхбат берді.
Сұхбат барысында медбике:
🤱🏻 Емшекпен емізудің ана денсаулығына оң әсері,
🍼 Сәбидің толыққанды дамуы үшін маңыздылығы,
👶🏻 Эмоциялық байланыс пен ерте даму ерекшеліктері
жөнінде құнды ақпараттармен бөлісті.
Бұл шараның мақсаты — аналарға қолдау көрсету, емшекпен емізудің маңыздылығын насихаттау және сәбилердің денсаулығын сақтау жолында қоғам назарын аудару.
Сәби — өмірдің ең үлкен байлығы. Ал емшек сүті — оның ең табиғи әрі пайдалы қорегі.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)