Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » Улболсын Зайноллақызы

Улболсын Зайноллақызы

22 сентябрь 2023, Пятница
106
0

Улболсын Зайноллақызы 1974 жылы Ақтөбемемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. Емдеу дәрігері біліктілігі берілді. «Офтальмология» мамандығы бойынша интернатураны үздік аяқтағаннан кейін. Хобда аудандық орталық ауруханасында «офтальмолог» дәрігері болып қызмет жасаған.Ақтөбе облыстық ауруханада «отоларинголог» мамандығы бойынша қайтадан квалификациялаудан өтіп, Қарғалы қалалық ауруханада отоларинголог дәрігер қызметін атқарды.

Қазіргі таңда № 6 Қалалық емханада Кенестік диагностикалық бөліміндегі отоларинголог дәрігері қызметінде.Науқастарды амбулаториялық және стационарлық емдеуде тәжірибесі мол дәрігер. Денсаулық саласында атқарған еңбектері жеміссіз емес, Улболсын Зайноллақызы медицина саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Құрмет ордені, Н.И.Пирогов төсбелгісінің иегері.

Өзі таңдаған сүйікті мамандығы бойынша жылдар бойы тұрғындар денсаулығын сақтауда тынбай еңбек еткен ардагер дәрігер облыстың медицина саласын дамытуға саналы ғұмырын арнаған.  Өз ісіне шын берілген маман әлі де саладан қол үзбей, зейнетке шықса да адал қызмет етіп келеді.

Ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пайдасын тигізген ақ халатты абзал жан – жастарға үлгі етуге әбден лайықты еңбек адамы

.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер