Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» » Баженов Серик Маукенұлы

Баженов Серик Маукенұлы

22 сентябрь 2023, Пятница
122
0

Баженов Серик Маукенұлы, 1959 жылы дүниеге келген. Бірінші біліктілік санаттағы дәрігер. Семей ядролық сынақ полигонының ардагері. 1985 жылы Ақтөбе мемлекеттік мединалық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын терапия  мамандығы бойынша Жамбыл облысы Жанатас қаласында участкалық (цеховой) дәрігер қызметін бастаған. Семей облысы Аяғөз қаласында полк дәрігері болып, әскери борышын өтегеннен кейін, Шалқар ауданы Бозой ауылында Селолық дәрігерлік ауруханасында бас дәрігері болып жұмыс істеген. Шалқар аудандық ауруханасында жедел жәрдем бөлімінін дәрігері және аймақтық дәрігер кызметін жасаған. 2006 жылдан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасында қәсіби дәрігері, клиника- диагностикалық бөлім меңгерушісі, емхана меңгерушісі және әскери медициналық комиссиясының төраға лауазым қызметкерін атқарған. 2021 жылдан №6 қалалық ауруханада күндізгі стационарда терапевт дәрігері жұмысын атқарған. Қазіргі таңда ішкі аудит және пациентерді қолдау бөлімінін дәрігері қызметінде еңбек етуде.

 Дәрігерлік еңбек жолында бірнеше алғыс хаттар, грамоталармен марапатталған: 

- Н.М.Пирогов төс белгі медальмен,  

-Екі дуркін Қеңес одағынын батыры Авиация генерал-майоры Т.Бигельдинов атындағы төс белгі медальмен,

- Үш дүркін Қеңес одағынын маршалы Г.К.Жуковтың төс белгі медальмен, 

- Семей ядролық сынақ полигонының ардагері төс белгі медальмен, 

- Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жылдық, 25 жылдық, 30 жылдық төс белгі медальдарымен марапатталған ардагер дәрігер. 

Дәрігерлікке тән жоғары жауапкершілік пен терең білімді, үздіксіз ізденісті қажет деп білген,соның арқасында зор абыройға ие болған Серик Маукенұлы әрқашан үлкен құрметке лайықты жан.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер