Тіркеу бөлімі:
8 (7132) 41 46 51
8 (7132) 51 69 39
» Школы здоровья

Школы здоровья

Денсаулық мектебі – пациенттер мен тұрғындардың білім деңгейін, хабардарлығы мен ауру-сырқаудың даму қаупінің мінез-құлықтық факторлары дамуының алдын алу, яғни, аурулардың пайда болуы мен дамуы шарттарын жоюға бағытталған бастапқы профилактика, денсаулықты нығайту мен сақтау бойынша тәжірибелік дағдылар дәрежесін арттыруға бағытталған жеке және топтық әсер етудің құралдары мен әдістердің ұымдастырылған жиынтығы және денсаулық сақтаудың алғашқы буынында пациенттерге көрсетілетін топтық кеңес берудің медициналық профилактикалық түрі болып табылады.

Денсаулық мектебінің мақсаты – тұрғындарды салауатты өмір сүруге үйрету, пациенттердің мақсатты іс-әрекеттерге қабілеттерін қалыптастыру мене аурудың алдын алуды насихаттау. ШЖҚ «№ 6қалалық емхана» МКК 11 денсаулық мектептері жұмыс істейді: «Артериялық гипертония және ЖИА мектебі», «Инсульттің алдын алу мектебі», «Қауіптің мінез-құлықтық факторлары мектебі», «Қант диабеті мектебі», «Бронх демікпесі мектебі», «Егде адамдар мектебі», «Отбасын жоспарлау»   «Босануға даярлық мектебі»,  ,«Жас ана» мектебі «Дені сау бала мектебі».

Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардағы қауіптің мінез-құлықтық факторлары бойынша Денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріннің бұйрығына сәйкес жұмыс істейді.

Дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін үзіліссіз), демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.

Құрметті пациенттер, Денсаулық мектептерінің жұмысы туралы хабарлай отырып, оқуға қызығушылық танытқан тұлғаларды шақырамыз!

                             Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі


ДӘРІГЕРЛЕР
Сілтемелер