Облыстық психикалық денсаулық орталығы психиатр-нарколог маманы Айдын Мұратқызы Рысбекова «Жасдәурен»
Облыстық психикалық денсаулық орталығы психиатр-нарколог маманы Айдын Мұратқызы Рысбекова «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының терапевт дәрігері А.Б.Сұлтановамен бірлесіп Ақтөбе Білім-инновация лицей жасөспірімдеріне «Нашақорлық, оның ағзаға зияны» туралы дәріс өткізді.
Мақсаты: Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту. Мамандар жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану, уақытымен дәрігерге қаралу, темекі шекпеу, алкогольді және газды сусындарды пайдаланбау туралы кеңес берді.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)