Тіркеу бөлімі:
8-708-903-39-25
8-708-903-39-25
» Профилактология

Профилактология

2026 жылдың 15 сәуірінде «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары және СӨСҚ маманы келушілерге арналған танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шарада зиянды әдеттердің зияны, олардың алдын алу жолдары және дұрыс тамақтанудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар салауатты өмір салты туралы пайдалы ақпарат алып, күнделікті өмірде қолдануға болатын кеңестермен танысты.
Кездесу барысында ашық әңгіме өрбіп, қатысушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарына жауап алды.
Салауатты өмір салтын таңдау — өз болашағыңа жасалған дұрыс қадам.
Жасдәурен жастар денсаулық орталығы сіздерді күтеді.

2026 жылдың 14 сәуірінде емхананың СӨСҚ маманы және «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының мамандары «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында жасөспірімдер орталықтың жұмысымен танысып, әртүрлі мамандардың қабылдауында болып, өздерін мазалаған сұрақтарына толық жауап алды.
Мамандар оқушыларды жылы қарсы алып, денсаулықты сақтау бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, нейрожаттығулар өткізіліп, зейін мен ойлау қабілетін дамытуға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар жаңа форматтағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Іс-шара аясында жол қауіпсіздігіне қатысты тәжірибелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар арнайы тәжірибе арқылы адамның мас күйінде көлік тізгіндеген кезде ми мен көру қабілетінің қалай өзгеретінін көріп, оның қаншалықты қауіпті екенін түсінді.
Сонымен қатар, командалық эстафеталық ойындар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және қажетті көмекті еркін алуына мүмкіндік береді. Орталық — жастар өз сұрақтарын ашық қойып, дұрыс бағыт-бағдар алатын қауіпсіз орта.


7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу мекемелері, салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары және Ақтөбе қаласындағы Жастар денсаулық орталықтарының ұйымдастыруымен Қобыланды атындағы стадионның Арбат алаңында ауқымды шара өтті.
Шараға қала тұрғындары мен жастар белсене қатысты. Іс-шара барысында білікті спорттық жаттықтырушының жетекшілігімен сергіту жаттығулары ұйымдастырылып, көңілді флешмобтар өткізілді. Сонымен қатар, Жастар денсаулық орталықтарының қатысушылары арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар ұсынылды

Біздің миссия:


Халықтың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыратын
сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы әрбір
адам денсаулығына қол жеткізу.

Сілтемелер
X