1.Құрметті қала тұрғындары! «Уақытында тіркелу – денсаулық кепілі» екенін естеріңізге саламыз. Емханаға уақтылы тіркелу – сапалы және қолжетімді медициналық көмектің кепілі. 🔹 Тіркелген азаматтар алғашқы медициналық-санитарлық көмекке, жоспарлы тексерулерге және профилактикалық іс-шараларға толықтай қол жеткізе алады. 🔹 Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесі аясында тегін қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндігі беріледі. 2.Құрметті ата-аналар! Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек тегін көрсетіледі. Жасөспірімдер мен балалар үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек, профилактикалық тексерулер, екпелер, сондай-ақ қажетті мамандардың қабылдауы мен стационарлық ем-шаралар тегін ұсынылады. Бұл – мемлекет тарапынан балалардың денсаулығын қорғауға және болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қолдау.