2025 жылдың 20 қарашасында емхана мамандарының ұйымдастыруымен Жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне «Алғашқы көмек көрсету» тақырыбында семинар-тренинг өтті. ⠀ Іс-шара барысында студенттер шұғыл жағдайларда әрекет ету тәртібін, алғашқы көмек көрсетудің негізгі әдістерін тәжірибе жүзінде үйренді. ⠀ Мұндай тренингтер жастардың сауаттылығын арттырып, төтенше жағдайда дұрыс әрі жылдам көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.