Вернуться назад Распечатать

ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА

Ақтөбе облыстық инновациялық білім беру лицейінде «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының терапевт маманы Ш.С.Нәрезімова мен құқық қорғау органдарының өкілінің қатысуымен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың зияны мен оның алдын алу жолдары тақырыбында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында мамандар жасөспірімдерге нашақорлықтың адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін кері әсерлері туралы айтып, бейнероликтер мен өмірлік мысалдар келтірді. Кездесудің мақсаты — жастардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. 🌿