Апталық аясында емхананың СӨСҚ маман Б.Ә.Ділманованың ұйымдастыруымен «Ана сүтімен дұрыс қоректендіру» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараға емханамызға тіркелген болашақ аналар мен жас аналар қатысып, емізу ережелері, ана сүтінің пайдасы және бала денсаулығына әсері туралы толық ақпарат алды. 🌿 Мамандар аналардың дұрыс тамақтану рационы, сүттің құрамын арттыратын өнімдер және сәбиге алғашқы айларда қажетті күтім жайлы пайдалы кеңестермен бөлісті.