Вернуться назад Распечатать

№6 қалалық емхананың мамандары Ақтөбе жол-көлік колледжінің студенттерімен кездесу өткізді

№6 қалалық емхананың мамандары Ақтөбе жол-көлік колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Шара барысында жастарға отбасы құндылықтарының маңызы туралы жан-жақты түсіндірілді.
Кездесуде отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі, эмоционалдық тұрақтылық пен әлеуметтік дағдыларды қалыптастырудағы орны атап өтілді. Сонымен қатар ата-ананы құрметтеу, салт-дәстүрді дәріптеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасын құруға психологиялық дайындық мәселелері қарастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынды отбасылық құндылықтарды бағалауға, сыйластық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, болашақта мықты әрі берік отбасы құруға ынталандыру болып табылады.