2025 жылдың 28 шілдесінде "Жасдәурен" жастар денсаулық орталығының (СӨСҚ) мамандарының ұйымдастыруымен "Шұғыла" балалар лагерінде жасөспірімдерге арналған зиянды әдеттердің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге дұрыс тамақтанудың, жеткілікті ұйқының, және зиянды әдеттерден (темекі, алкоголь, гаджетке тәуелділік және т.б.) аулақ болудың маңыздылығы түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан командаларға алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды.