Вернуться назад Распечатать

Туберкулез және оның профилактикасы

2025 жылдың 5 наурызында #6 қалалық  емхана СӨСҚ және “Жасдәурен” жастар денсаулық  орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің және көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің студенттеріне "Туберкулез және оның профилактикасы" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында туберкулездің клиникалық формалары, профилактикасы, диагностикасы және емі туралы баяндалды. Баяндамашылар медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде туберкулездің профилактикасы және емдеу жөніндегі іс-шараларды сапалы іске асыру туберкулез ауыртпалығын төмендетуге және еліміздің халқының денсаулығын жақсартуға әкелетінін жеткізді.