28 ақпан күні М.Оспанов атындағы БҚМУ студенттері және #6 қалалық емхана “Жасдәурен” жастар денсаулық ортылығының ұйымдастыруымен «Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингтің мақсаты: Жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, қоқан-лоққы көрсетудің алдын алу. Сыйластыққа, бір-бірін қолдау көрсетуге тәрбиелеу.
Семинар соңында студенттерге басшылық атынан алғыс хат табысталды.