✓6 Қалалық емхана СӨСҚ, психолог мамандары ЖИТС орталығының мамандарымен бірлесіп "АИТВ туралы не білеміз?" такырыбында "Триатлон" саябығында акция өткізді. Мақсаты: Жастарға ЖИТС-тің адамзаттың басты проблемасы екенін, зиянды жақтарын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ болуына шақыру. Акцияда банерлер ілініп, акпараттандыру жадынамалар таратылды. Жастармен кері байланыс орнатылып, сауалнама койылды. Ұтыс ойыны ойнатылып балмұздақ және дерматокосметолог дәрігерден тегін кеңес алуға сертификат табысталды. Қамтылған 67 адам.