Вернуться назад Распечатать

Репродуктивті және психологиялық денсаулық

2024жылдың 19 наурызда «6 Қалалық емхана» Жасдәурен ЖДО мамандарымен «Репродуктивті және психологиялық денсаулық» тақырыбында  Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледж студенттерімен кездесу өтті.

 Кездесудің мақсаты:

— Ерте жүктіліктің алдын алу.

— Кәмелетке толмағандардың денсаулықтарын қорғау.

— Оқушылардың бойында өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру.

— Әр жыныстағылардың арасында таза және шынайы қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеу.

Кездесу барысында әр тыңдаушы өзін толғандыратын сұрақтарына жауап ала алады, сонымен қатар өзі үшін пайдалы ақпараттар алды,слайдтар, роликтер көрсетілді.

Кездесу соңында тақырыпты бекіту мақсатында психологиялық тренингтер өткізілді.