«Салауатты өмір - жарқын болашақ» атты тақырыбында «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының СӨСҚ маманы Бағдагүл Әбутәліқызы 25 қаңтар күні №39 Қазақ орта мектебі 8-10 класс жасөспірімдерімен жұмыс жасады. Кездесу барысында оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиеттері айтылды.
Оқушыларға дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсартуына, көздерін дем алуға, балалардың алақандарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасатылды.