Жастарға ең басты байлық –денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды
2023 жылдың қаңтардың 11не «№6 Қалалық емхана» «Жасдәурен» жастар денсаулық орталығының терапевт дәрігері А.Б.Султанова мен психолог А.Б.Жеңіс және СӨСҚ маманы Б.Ә.Ділманова АЛТ колледж студенттеріне «Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: жастарға ең басты байлық –денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Дәрігер тамақтану сауаттылығының бес негізін, тамақтану тәртібін, мәдениетін сақтаудың маңыздылығын көрнекі құралдармен түсіндірді. Студенттермен кері байланыс орнатылып,қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинар жастардың көңілін көтеру мақсатында психологиялық Бір-бірімізді табайық атты тренингпен аяқталды.