21 қараша Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай № 6 қалалық емхана СӨСҚ, психолог мамандары №4 ЖББОмектеп 9-10 класс оқушыларына Темекі тарту-денсаулықты құрту ұранымен шара өткізді. Мақсаты - темекі шегудің таралуын азайту, жасөспірімдерге адам денсаулығына темекінің зияны туралы ақпарат беру. Шарада тыныс жолдарын шынықтыратын жаттуғулар жасалып, қағаздан жасалып қаланған кірпіштерді доппен ұрып,жасөспірімдер темекіге қарсылығын көрсетті. Темекіні тастау арқылы Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтап қаласыз!