Вернуться назад Распечатать

«Темекі шегуден бас тартудың тамаша күні!»

Қобыланды-Батыр атындағы орталық стадионда 21.11.23 Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні аясында №6 Қалалық емхана мамандарының ұйымдастыруымен,кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Темекі шегуден бас тартудың тамаша күні!» атты кең ауқымды акция өткізді. Бағдарламада тыныс алу жаттығулары,  ОПДО нарколог пен психологтың кеңесімен «Денсаулық бұрыштары» ұйымдастырылды. №3 Қалалық емхана мамандары Демонстрациялық темекі шегуші Сью қуыршақ және темекі үлгілерін көрсетті. №1 Қалалық емхана мамандары музыкамен сүйемелдеп, ОМК маманы көңілді әндер айтып,  тұрғындарды темекіні саналы түрде тастауға шақыратын флешмоб жасалды. Қамтылған – 125 адам.