Вернуться назад Распечатать

АИТВ/ЖИТС тақырыбында семинар-тренинг

2023жылдың 16 қарашада «№ 6 Қалалық емхана» СӨСҚ, психолог мамандары «Рауан» колледж студенттеріне АИТВ/ЖИТС  тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мамандар АИТВ жұқпасының жұғу жолдарын, алдын-алу шаралары туралы мағлұмат берді.  Сонымен қатар жастарға салауатты,әдепті өмір сүру қажеттілігін атап өтті.
Семинар барысында жастармен кері байланыс орнатылып, қыз балаларға әдептілік туралы видеоролик көрсетілді. Семинар «жастар бір-бірін қиындықтан алып шығу» психологиялық тренингімен әсерлі аяқталды.