2023 жылдың 9-ші қарашада № 6 Қалалық емхана СӨСҚ, психолог мамандары «Жасдәурен» жастар орталығында жастарға «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында АИТВ/ЖИТС-тің жұғу, таралу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-инфекциясының клиникасы, классификациясы, зертханалық диагностикасы туралы толық мағлұмат беріліп, қатерлі кеселге қарсы тұру үшін зиянды әрекеттерден аулақ болуды, салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңестер беріліп, дәріс барысында сұрақтар қойылып, жауап алынды. Семинар соңында жастарға қиындықты бірге жеңу, кедергілерден алып шығу мақсатында психологиялық тренинг өткізілді.