Вернуться назад Распечатать

"Дені сау отбасы - бақытты отбасы"

2023 жылдың қыркүйек айының 7-не Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қобыланды батыр атындағы стадионда ОТБАСЫ КҮНІНЕ арналған "Дені сау отбасы - бақытты отбасы" атты спорттық - сауықтыру мерекесін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: Жастарға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын калыптастыру. Шараға № 6, №4 Қалалық емханалар,Облыстық психикалық денсаулық орталығы, Баешев атындағы Жоғарғы медициналық колледжі, қала тұрғындары қатысты.
Шарада құттықтаулар,ән,фитнес жаттығулар,эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, емханалардың кәсіподақ ұйымы атынан қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.