Вернуться назад Распечатать

Заң және тәртіп


2026 жылғы 12 мамыр күні Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы №6 Қалалық емхана мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қызметкерлері арасында 2025 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған жаңа «Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы» Заңымен таныстыру жұмысы өткізіліп, Заңға қысқаша шолу жасалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдағы тәртіп пен мәдениет мәселесіне тоқталып, «Заң және тәртіп» қағидатын берік орнықтырудың маңызын атап өткен болатын. Сонымен қатар, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 3-бабына сәйкес, «Заң және тәртіп» қағидаты Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі құраушысы екені ерекше көрсетілді.

Аталған жаңа Заң құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы бірнеше жекелеген заңдарды біріктіріп, бұрын әртүрлі бағыттар бойынша реттеліп келген профилактикалық нормаларды бір жүйеге келтірді.

 Атап айтқанда:

«Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы»; 

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы»; 

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы және балалардың қараусыз қалуы мен баспанасыздығының алдын алу туралы»; 

«Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы»; 

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әкімшілік қадағалау туралы» заңдары біріктірілгендігі түсіндірілді. 

Іс-шара барысында қызметкерлерге жаңа Заңның негізгі бағыттары, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат берілді.

Заңға қатысты толық шолу қосымшада беріледі.

bzushylytar-turaly.pdf [249.75 Kb] (cкачиваний: 0)

Посмотреть онлайн файл: bzushylytar-turaly.pdf