Вернуться назад Распечатать

#6 Қалалық емхана ұжымы Ақтөбе қаласы әкімінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №171 «Ақтөбе қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»

#6 Қалалық емхана ұжымы Ақтөбе қаласы әкімінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №171 «Ақтөбе қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі көктемгі екі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес сенбілік ұйымдастырды.
Сенбілікке емхана қызметкерлері белсенді қатысып, мекеме аумағын тазалау, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Емхана ұжымы алдағы уақытта да осындай игі шараларға белсенді түрде қатысуды жоспарлап отыр.