Бүгін, 3.03.21. кұні облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Қ.Исаев, орынбасары Н.Н.Қожинмен # 6 қалалық емхана дәргерлері, медбикелермен кездесу өткізді.
Негізгі тақырыбы алғашқы-дәргерлік- санитарлық көмек көрсетудің сапасын арттыру, мүгедектермен, оның ішінде мүгедек балаларға медкөмектің тиімді ұйымдастыруда нәтижелі жұмыстар атқару жөнінде әңгіме өрбіді. Емханада істелген жұмыстарды айта отырып, арыз - шағымдарды болдыртпау, оның тууына себеп мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды. Тұрғындар арасында медсақтандыруды, дәрі-дәрмекпен қамтуды жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұдайы күн тәртібінде болуын айтты.